Зардап шеккен адам жоқ
Елордадағы дәмханалардың бірінен өрт шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалассы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
«5 наурыз сағат 11:48 Нұр-Сұлтан қаласы Достық 1 мекенжайында орналасқан «Избушка» кафесіне шақырту бойынша шықты. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының 13 адамы және 3 бірлік техникасы жетті. Алдын ала болжам бойынша, «Дастархан» дәмханасының ас үй бөлмесінің жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер 12 сағат 10 минутта өртті тоқтатты», - деп мәлімедеді Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Абырой болғанда, оқиға орнында ешкім зардап шеккен жоқ