Қарағандыдағы үйлердің бірінің дәлізінен екі айлық бала табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Баланың анасы іздестіріліп жатыр

көрнекі сурет: polisia.kz

Қарағанды қаласының 15-ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

3 наурызға қараған түні сағат 00:15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшам ауданда орналасқан үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткендігі туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды.

Бала ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабының 1-тармағына (қауіпті жағдайда қалдыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.