33 жастағы ер адам мас болған
Атырауда полиция қызметкері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағынауданында тұратын 33 жастағы тұрғын өзіне қол салмақ болған. Оны әйелі көріп қалып, 102 нөміріне қоңырау шалған. Аумаққа бекітілген учаскелік полиция бекетінің қызметкерлері ішімдік ішкен күйінде өзіне қол жұмсауға әрекеттенген ер адамды құтқарды», - деп жазылған хабарламада.
Учаскелік полиция инспекторлары құтқарылған азаматпен, оның отбасы мүшелерімен профилактикалық түсінік жұмысын жүргізді.