Өрт 2 желтоқсанда сағат 01:01-де екіқабатты «Эврика» супермаркетінен шыққан
Тараз қаласында Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан «Эврика» супермаркеті өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Өрт 2 желтоқсанда сағат 01:01-де екіқабатты «Эврика» супермаркетінен шыққан.
«Өрт сөндірушілер келгеннен кейін екінші қабаттағы ағаш төбенің өртеніп жатқанын анықтаған. Өрт 03:31-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталады», - деді комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Өртті сөндіруге барлығы 84 адам мен 19 техника жұмылдырылған. Полиция қызметкерлері нысанды қоршауға алған.