Қайғылы оқиғадан көз жұмған келіншектің 14 жасар баласы ауруханаға жеткізілді
Жол-көлік оқиғасы Қалқаман – Керней тасжолында болған, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша «Фольксваген» мен «Лада Ларгус» автокөліктері соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Фольксваген» автокөлігінің 33 жастағы жолаушысы көз жұмды, ал 14 жасар баласы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - деді полиция өкілдері.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру жүргізілуде.