БҚО-да 11 жастағы бала асылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол – отбасындағы үш баланың үлкені

Фото: ашық дереккөзден

БҚО-да 11 жастағы бала асылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Қайғылы оқиға Бәйтерек ауданы Дариян ауылында болды. 2009 жылғы ұл бала өз үйінде асылып қалған. Ол – отбасындағы үш баланың үлкені. Оның бұл әрекетіне не себеп болғаны белгісіз», - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.