$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.02.2021, 18:30
Оқиғалар

«Астана Ветсервисте» зорланған иттерге қатысты күдіктілер әлі анықталған жоқ

Оқиға 2020 жылдың қыркүйегінде болған

«Астана Ветсервисте» зорланған иттерге қатысты күдіктілер әлі анықталған жоқ

Нұр-Сұлтанда иттерді зорлау ісіне қатысты күдіктілер әзірге анықталған жоқ. Жануарларға қатыгездік жасау ісі бойынша тек куәгерлер анықталған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ІІМ әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айбек Өскембаев хабарлады.

«Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істі Байқоңыр аудандық полиция бөлімі қарауда. Бірқатар сараптама жүргізілді, оның ішінде биологиялық сараптама да бар. Күдіктілер әлі анықталған жоқ, қорғауға құқығы бар куәгерлер ретінде тартылған адамдар бар», - деді ол.

ІІМ өкілі бұл іс бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатынын, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі мен қалалық, аудандық прокуратураның бақылауында болатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте «Астана Ветсервис» ШЖҚ КМК Нұр-Сұлтан қаласындағы жәбірленген иесіз иттерге қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

6 қыркүйекте еріктілер Ақсүмбе-1 көшесіндегі иттер мен мысықтарды оқшаулау базасынан жыныстық мүшелері жыртылып, зорланған 4 итті тапты. Олардың бірі қатты зардап шеккен.

Серіктес жаңалықтары