Жалын 28 шаршы метр аумақты қамтыған
13 ақпанда Өскемен қаласында «Восточник-3» саяжай серіктестігі аумағындағы тұрғын үйден өрт шықты. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, өрт салдарынан 72 жастағы тұрғын (әйел кісі – ред.) көз жұмған.
Жалын 28 шаршы метр аумақты қамтыған. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болды.