Оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр
Павлодарда рұқсат етілмеген жерді кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні Volkswagen Passat көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Сағат 20:00-де Volkswagen Passat автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан тұрғын жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Российская көшесінде болды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Автокөлік айып тұрағына қойылды. Аталған фактіге қатысты тексеріс жүргізілуде.