4 адам автокөліктен шығып үлгерді
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында көлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«14 ақпанда Бұқтырма су қоймасының жағасындағы Табанды қара учаскесінде балықшылар отырған көлік мұз астына түсіп кеткен. 4 ер адам автомобильден шығып үлгерді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Мұз қалыңдығын білмей балық аулауға шықпаған жөн», - деп жазылған хабарламада.