Семейде жүк көлігі қағып кеткен жасөспірім оқиға орнында көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

16 жастағы тұрғын жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан

Фото: ашық дереккөзден

Семей қаласында жүк көлігі жасөспірімді қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жүк тиелген КамАЗ-ды тіркемесімен сүйреп бара жатқан Shacman жүк көлігінің жүргізушісі айналма жолға шыға бергенде «Көктем» сауда үйінің жанындағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. 16 жастағы Семей қаласының тұрғыны сол жерде көз жұмған», - деп жазылған хабарламада.

Бірқатар сараптама тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.