Петропавлда жол апатынан жүкті әйел зардап шекті

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен жүргізуші табылды

Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда полиция қызметкерлері басқа көлікпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен автокөлік жүргізушісін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жол апатынан жүкті әйел зардап шеккен. 8 ақпанда Н. Назарбаев көшесіндегі № 154 үйге қарама-қарсы бетте «Mitsubishi Delica» автокөлігінің жүргізушісі «Hyundai Solaris» автокөлігімен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен әйел адам Петропавлдағы медициналық мекемелердің біріне хабарласып, ауруханаға жатқызылды. Іздестіру тобының қызметкерлері Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғынын анықтады», – делінеді баспасөз қызметінде.