Ұшақ шассиінің тысы жарылған
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Qazaq Air әуе компаниясының ұшағына қатысты болған оқиғаның мән-жайын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«12 ақпанда сағат түнгі 23.20-да елордада Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы QAZ427 рейсінде тосын оқиға тіркелді. Ұшақтың ортаңғы шассиінің тысы жарылып, онымен ұшақ 700 метрдей қозғалып үлгерген. Осыдан соң әуе кемесі тұраққа жеткізілген», - делінген комитет таратқан хабарламада.
Содан кейін ұшақтан жолаушылардың бәрі де эвакуцияланған. Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен жағдайлар басқармасы бұл жайларға байланысты тергеу жүргізуде.