Кәсіпорын бухгалтері ақшаны жақын туысының жеке шотына негізсіз аударып отырған
Тексеру материалдарына сәйкес, бір жыл ішінде ол 14 млн теңгеге жуық бюджет ақшасын шығынға жіберген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Ұрлықты Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті анықтады.
Өңірлік департаменттің бөлім басшысы Анар Мұратованың айтуынша, аудит өтініш негізінде жүргізілген.
«Аудит кәсіпорын бухгалтері өзінің және жақын туысының жеке карт-шотына ақшалай қаражатты негізсіз аударғанын анықтады. Ақша азық-түлік жеткізушілерімен есептесуге және кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге арналған», - деп хабарлады ведомствода.
Аудит материалдары Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.