Алматы полициясы түнде көлікпен жарысқандарды ұстай бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Шаһарда арнайы іс-шаралар мен рейдтер жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Алматы полициясы түнгі жарысқұмарларды іздеуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталмыш мәселе жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіреді және автокөлік жолдарының бойында орналасқан үйлердің тұрғындарына қолайсыздық туғызады.

«Мұндай заңбұзушылықтар әсіресе, жылы мезгілдерде көп болады, алайда көлікті қатты айдағанды ұнататындар қыста да кездеседі. Қазір қыс болса да күн жылы болғандықтан, түнгі жарыстар, қозғалтқыштың гүрілі, тежегіштің шиқылы, дрифт сияқты қатты дыбыстар тұрғындардың тыныштығын бұза бастады. Осыған байланысты шаһарда мақсатты түрде іс-шара жұмыстары мен рейдтер жүргізіліп жатыр. Шындығында, бұл өзекті мәселе, мен жол бойындағы үйлердің тұрғындарына, кішкентай балалары бар отбасыларға және қарт ата-аналарға қаншалықты ауыр екенін білемін. Былтыр күзде патрульдік жасақтарды күшейту және сол жерге бірнеше бейнебақылау камераларын орнату арқылы жылдам жүруді ұнататындардың жиналатын орындарының бірі жойылды. Жауапкершіліктен қашудың кез келген әрекеті, мысалы, камера обьективіне түсіп қалмас үшін мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізетіндер болады. Патрульдік полиция инспекторлары оларға айыппұл салып, қатты гүрілдейтін қозғалтқышы бар көліктерді айыппұл тұрағына жөнелтті», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы  Манап Саттаров.

Шаһар полицейлері жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін және жазаның бұлтартпас қағидатын қатаң сақтау керек екенін тағы бір рет еске салды. Бөлімшенің хабарлауынша, рейдтер қосымша хабарланғанға дейін ұзартылады.