Вице-министр екпеден кейін есінен танып қалған медбикеге қатысты пікір білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

2 ақпанда Талдықорған қаласындағы облыстық аурухана қызметкеріне көмек көрсетілді

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният 2 ақпанда Алматы облысында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін есінен танып қалған медбикенің жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ол жағдай вакцинаның әсерінен болған жоқ. Медбике өзінің екпеден шошынғанын айтты. Ол кісінің денсаулығына қауіп жоқ, бойында вакцинаға қарсы ешқандай аллергиялық реакция болған жоқ», - деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар, вице-министр екі күн ішінде 5 мыңнан аса медбикенің коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырғанын айтты.

Еске сала кетейік, екпенің алдында дене температурасын өлшеу мен эпидемиологиялық анамнезды жинау, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек қан-тамыр жүйелерін тыңдау, дәрігердің міндетті тексеруін жүргізу керек. Егер температура 37-ден асса, екпе жасауға болмайды.