Павлодар облысында мас күйде көлік жүргізетіндер азаймай тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері өңірде 55 мас жүргізуші ұсталған

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында жыл басынан бері 55 мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«31 қаңтарда сағат 20.30-да Успен ауылының басты көшелерінің бірінде полиция қызметкерлері “ВАЗ-21043” автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдік ішімдіктің иісі шығып тұрғаны анықталды. Өткізілген медициналық куәландырудың қорытындысы жүргізушінің орташа деңгейде мас екенін растады. Полицейлер жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қозғады, материал сотқа жіберілді. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды», – деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Берік Оралов.

Полиция қызметкерлері жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 55 жүргізушінің жауапқа тартылғанын атап өтті.