Зейнеткер ауруханаға түсті
Оралда автокөлік қағып кеткен ер адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 31 қаңтар күні С.Датұлы көшесі бойындағы «Сарыарқа» мейрамханасы тұсында болды. Автокөлік 1950 жылғы ер адамды қағып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, аяғы сынған ер адам облыстық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылған», - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.