Тұрғын үйдің аумағы 100 шаршы метрді құрайды
Орал қаласында жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 30 қаңтар күні Дәулеткерей көшесі 133-мекенжайында болды. Сағат 06.55-те тұрғын үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Аумағы 100 шаршы метр құрайтын үйдің төбе жабындары мен шатыры отқа оранды. Өртті сөндіруге 26 қызметкер 7 техникамен қатысты», - деп жазылған хабарламада.