Полицейлер оны өлімнен құтқарып қалған
Оқиға 28 қаңтар күні Шымкенттегі дендросаябақта болған деп хабарлайды Polisia.kz. Арғынбеков пен Қазиев көшелерінің қиылысында кезекшілікті жүрген полицейлерге жас жігіттер келіп, досының суицид жасағалы жатқанын айтқан.
Патрульдік полиция полкінің екі автоэкипажы саябаққа келіп, бүкіл аумақты жедел аралай бастады. Полиция қызметкерлері жігітті беседканың жанынан тауып, онымен сөйлеспек болған. Тәртіп сақшылары жігітке барынша жақындаған кезде, ол беседканың қоршауына көтеріліп, мойнына жіп іліп, секірді.
«Үйлесімді жұмыс пен кәсіпқойлықтың арқасында полиция қызметкерлері оны көтеріп, жіпті үзіп, төмен түсіреді. Азамат ауруханаға жеткізілді. Тексеру барысында жігіттің бұл қадамға баруына қызымен жанжалдасуы себеп болғаны анықталды», - делінген аталған хабарламада.