Зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр
26 қаңтар сағат 11:09-да «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының 25-шақырымындағы «Мерси КЗ» ЖШС-не тиесілі контейнерлердің жанып жатқандығы жөнінде хабар келіп түсті. Оқиға орнына №5 өрт сөндіру бөлімі жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде контейнер ішінен 3 жұмысшыны алып шықты.
Өрт салдарынан 1971,1997 және 1992 жылы туылған азаматтар зардап шекті, жағдайы ауыр. Олар облыстық медициналық орталығының жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында.
Өрт сағат 12:20-да толық сөндірілді. Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір оқиғаның себебі мен шығыны анықталуда. Өртті сөндiруге 7 өрт сөндiрушi, 2 арнайы техника жұмылдырылды.