Петропавлда әкелерінің шотынан ақша ұрлаған балалар тергелуде

Автор: Azattyq Rýhy

СҚО-да өткен жылы осы іспеттес 33 қылмыс тіркелген

Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда әкесінен ақша ұрлаған балаларға қатысты екі қылмыстық іс тіркелді. Екі жағдайдың бір-біріне қатысы жоқ, әртүрлі отбасында болған жағдай.

Екі жағдайда да арызданушының банк шоты қосылған ұялы телефоны қылмыс құралына айналған. Тәртіп сақшылары, мұндай фактілердің аз емес екенін айтады. кінші полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны жүгінген. Ол шотынан 790 мың теңгенің жоғалғанын анықтаған. Телефондағы интернет-банкинг арқылы жәбірленушінің қаражатын қаладағы колледждердің бірінде оқитын 19 жасар қызы ұрлаған.

Ал екінші фактіде жапа шегушінің шотынан 449 мың теңге қолы болған. Петропавл қ. ПБ Екінші ПБ жедел уәкілдері күдіктіні – бұрын ұсақ ұрлық үшін  жауапқа тартылған, жәбірленушінің 20 жасар өгей баласын ұстады.

Екі факті де ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

«Соңғы кезде жәбірленушілердің жақындары жасайтын интернет-ұрлық жағдайлары жиілеген. Көбіне заманауи техниканың тілін білмейтін егде тартқан адамдар құрбан болып жатады. Сондай-ақ, осындай қылмыстар Wi-Fi функциясы бар, парольмен қорғалмаған телефондарын немесе банк карталарын жоғалтқан кезде, не ұрланған кезде жасалады. Адамдарды телефондарына өзінен басқа ешкім білмейтін пароль қойып, сақ болуға шақырамыз. Банк карталарына растау кодысыз ақша шешуге лимит қою ұсынылады, бөтен адам жоғалған картамен лимиттен жоғары төлем жасаған кезде иесінің телефонына хабарлама келіп түседі және иесі операциядан бас тарта алады. Ең басты кеңес – кодтарды, парольдар мен басқа да құпия ақпараттарды бөтен адамдардан құпия ұстаған жөн. Банк картасы жоғалған жағдайда қосымша арқылы немесе банкке хабарласып дереу бұғаттап тастаңыз», - дейді екінші ПБ бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықов.

СҚО-да өткен жылы осындай тәсілдер арқылы жасалған 33 қылмыс тіркелген.   

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО