Алматыда көше ортасында көлік өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ
 

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда Рысқұлов көшесінде көлік өртенді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Отқа оранған көліктің видеосы Kris.p.almaty Telegram-каналында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті жексенбі күні сағат 17.18-де 101 пультіне хабар түскенін айтты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына барған кезде BMW көлігі жанып жатқан. Өрт 17.39-да сөндірілді.

Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға көліктегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.