Жол апатынан сондай-ақ, 18 жастағы бозбала зардап шекті
Атырау облысында болған жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау – Орал тасжолында Lada Granta және Kia Rio көліктері соқтығысып, жол-көлік апаты болды. Оқиға орнында Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі мен кішкентай бала көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.
Сондай-ақ, жол апатынан зардап шеккен 18 жастағы жігіт Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Түрлі жарақат алған бозбалаға дәрігерлер шұғыл түрде ота жасап, аман алып қалды.
Қазіргі уақытта жол-көлік апаты дерегі бойынша сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.