ШҚО-да жол апатынан 1 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

4 адам жарақат алды

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 1 адам көз жұмып, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«22 қаңтарда сағат 09:00 шамасында Бородулиха ауданындағы «Семей-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 25 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. 72 жастағы «Honda accord» автокөлігінің жүргізушісі Новопокровка ауылынан Семейге қарай бара жатып, алдындағы көліктерді озу үшін қарсы жолаққа шыққан. Сол кезде ол «УАЗ» көлігімен бетпе-бет соқтығысты»,  – деп хабарлады ведомство өкілдері.