ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Маңғыстау облысында арқар атқан азамат ұсталды

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Маңғыстау облысының тәртіп сақшылары арқар атқан браконьерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қаңтарда сағат 22.35 шамасында Қарақия ауданының аумағында Қарақия ауданының ПБ қызметкерлері 37 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан “ВАЗ-2121” маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында автокөлік салонынан төрт қапқа салынған екі бас арқардың және төрт бас қоянның етіне ұқсас еттер алынды.

Мән-жайды анықтау барысында Қарақия ауданында орналасқан “Нұрым” шаруа қожалығынан бір дана бір ұңғылы 16 калибрлі аңшы мылтығы, аталған шаруа қожалықтан шамамен 100 метр қашықтықтағы жыра ішінен арқарға ұқсас бір бас, екі дана тері, сегіз дана сирақ алынды.

Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.