ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Маңғыстауда үш айлық баланың жұтқыншағынан кілт брелогы алынды

Оны нәрестенің аузына 2 жасар әпкесі салып жіберген

Маңғыстауда үш айлық баланың жұтқыншағынан динозавр пішініндегі брелок алынды. Дәрігерлер оған дер кезінде көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 20 қаңтар күні Жаңаөзеннен шұғыл түрде сәби жеткізілді. Үш айлық баланың мұрнында бөгде зат тұрып қалған. Жаңаөзен қалалық ауруханасы дәрігерлерінің оны алу әрекеттері сәтсіз болған соң, Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында дәрігер Қазбек Шүкіров балаға анестезия жасауға шешім қабылдайды. Эндоскопиялық жолмен брелокты жұтқыншақтан сәтті шығарады. Бөгде зат динозавр түріндегі кілт брелогы болып шықты.

«Баланың тірі қалуы – таңқалаларлық жағдай. Егер нәресте затты жұтып қойса, онда ол жұтқыншаққа жабысып, қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді», - деп түсіндірді дәрігер.

Ата-анасының айтуынша, баланың аузына брелокты 2 жасар әпкесі салған.

Дәрігерлер ата-аналардан жас балаларға мұқият қарауды сұрайды.