$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.01.2021, 09:53
Оқиғалар

Атыраудағы нәресте өлімі: сотталған дәрігерлердің әріптестері сот үкімімен келіспейді

Медицина қызметкерлері жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыныс жасады

Атыраудағы нәресте өлімі: сотталған дәрігерлердің әріптестері сот үкімімен келіспейді

Атырау облыстық перинаталдық орталығының ұжымы бұрынғы әріптестеріне қатысты сот үкімімен келіспейтінін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық перинаталдық орталық директорының міндетін атқарушы Асқар Кенжеғалиев медицина қызметкерлерінің пікірін айтты. Олардың ойынша, бұрынғы әріптестеріне қатысты сот үкімі тым қатал.

Медицина қызметкерлері жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыныс жасады.

«Біздің ешқайсымыз сот үкіміне қарсы емеспіз. Алайда, біз өз ұсыныстарымызды құжат жүзінде ресімдеп, Мемлекет басшысына жеткізуге құқығымыз бар деп есептейміз. Жазаны жеңілдету үшін шаралар қолдануға болады деп үміттенеміз. Біздің әріптестерімізге өте ауыр жаза ұсынылды. Осы уақытқа дейін олар көптеген балалар мен аналардың өмірін сақтап қалды, қанша отбасына бақыт әкелді! Болашақта біздің әріптестеріміз қоғам үшін үлкен пайда әкелуі мүмкін. Медицина қызметкерлері сот процесі біржақты болғанына наразылықтарын білдіруде», - деді облыстық перинаталдық орталық директорының міндетін атқарушы Асқар Кенжеғалиев.

Сондай-ақ, ол әріптестерінің мұндай жағдайға бей-жай қарамайтынын атап өтті.

«Осындай қиын жағдайда біздің медицина қызметкерлері қалыпты жұмыс істей алмайды және тікелей міндеттерін орындай алмайды. Мұның бір себебі осы оқиға екенін жасырмаймын. Әріптестеріміздің көп жылғы еңбегі еленбегені қынжылтады. Біздің жас мамандардан не күтуге болады, олардың көздеріндегі ұшқын жоғалатын болды. Осының бәрін ескере отырып, біз Мемлекет басшысына, дәрігерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық ұйымдарға, кәсіподақ ұйымдарына жазаны жеңілдету туралы өтінішпен жүгініп, өз үлесімізді қосқымыз келеді», - деп атап өтті Кенжеғалиев.

Ол сонымен бірге орталық ұжымы сот үкімімен келіспейтінін білдіріп, жұмыстан босату туралы жаппай өтініш бергендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Медицина қызметкерлерімен мәслихат депутаттары, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков және әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова кездесу өткізді. Олар дәрігерлердің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Серіктес жаңалықтары