Оралдық қыз клубта танысқан жігітті сабатып, үйін тонап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Шығын көлемі 1 миллион теңгеге жетеді

Фото: ашық дереккөзден

Клубта танысқан қыз екі сыбайласымен бірге оралдық азаматты тонап кеткен. Олар жігітті көгала қойдай сабап, үйдегі бағалы заттардың бәрін тиеп алып кетіпті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме 

Өзін Маратпын деп таныстырған жас жігіт Атыраулық арумен Оралдағы түнгі клубта танысыпты. Көңілі жарасқан соң екеуі жігіттің үйіне барған. Ал қыз пәтерге екі сыбайласын кіргізіп Маратты әбден тонаған екен. Қарақшылар үйді тонап жатқанда Марат ваннаға тығылып, есікті ішінен жауып үлгерген екен. Үш ұры сол кезде қашқан. Полиция оларды Атыраудан іздеп тапты.

«Шығын көлемі 1 миллион теңгеге жетеді. Үйдегі ноутбук, алтын әшекей сияқты бағалы заттарды олжалаған. Дегенмен қылмыс ізі суымай ашылды. Олар, Атыраудағы жалдамалы пәтерден табылды», - деп жазылған сайтта.