Ол құрбыларымен қашып кеткен
Өскемендік полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім қызды аман-есен тапты деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияға қыздың ата-анасы 16 қаңтар күні шағымданып, үйдегі ұрыстан кейін қызының белгісіз бағытқа кетіп қалғанын айтқан. Тәртіп сақшылары дереу іздеу шараларын жүргізіп, 14 жастағы қыздың бүкіл танысынан сұрау алған.
«Ол құрбыларымен бірге жалдамалы пәтерде болған. Қазір ата-анасына табысталды және үйдегі жаналдың неден шыққаны, қыздың не үшін кетіп қалғаны анықталып жатыр», - деді Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.