Зардап шеккендер саны 820-дан асты
Индонезияның Батыс Сулавес провинциясында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 56-ға жетіп, зардап шеккендердің қатары 820-дан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Қазір апат орын алған аймақта құтқару-іздестіру операциясы жалғасып жатыр. Сейсмологтар зілзаладан кейін тағы 28 жер асты дүмпу тіркелгенін айтады. Жергілікті билік аймақта төтенше жағдай режимін жариялады. Апаттан зардап шеккендерге ең қажетті заттар жеткізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге салайық, Индонезияның Сулавеси аралында 6,2 балдық жер сілкінісі болған еді. Табиғат апатынан 300-ден астам үй мен өзге де ғимарат қирап, кей жерде лай көшкіні жүрді.