Ақтөбе облысында базардан өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

Фото: баспасөз қызметінен

Ақтөбе облысында «Алан» базары жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Төтенше жадайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«16 қаңтар күні «Алан» жабық базарының шамамен 700 шаршы метр аумағы жанып жатқан. Ғимараттың жалпы ауданы 900 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінің 18 қызметкері мен 3 техникасы, Алға ауданынан 5 қызметкер, 1 техника, Ақтөбе қаласынан 9 қызметкер, 2 техника жұмылдырылған.