Оқиғадан 600 адам зардап шеккен
Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 40-қа жетті. 600-ден астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Индонезияның табиғи апаттармен күрес басқармасының мәліметі бойынша, 34 адам Мамуджу округінде, сегіз адам Маджен округіне қаза болды. Бұған дейін жер сілкісінісінен 600 адам зардап шеккені хабарланған болатын», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 15 қаңтарға қараған түні Индонезияның Сулавеси аралында 6,2 баллдық қатты жер сілкінісі болды. 5 мыңға жуық адам өз үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болған.