Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы облысының Панфилов ауданында орналасқан
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 12 қаңтар күні Алматы уақытымен 19 сағат 21 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 292 шақырым жерде, Алматы облысының Панфилов ауданында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.7. MPV магнитудасы – 4.2», - делінген хабарламада.
Эпицентрдің координаттары – 44.45° с.ш. 80.10°, тереңдігі 5 шақырым. МЅК-64 шкаласы бойынша Жаркент қаласында 2-3 балл шамасында сезілген.
Алматы облысы ТЖ Департаменті ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқарушы органдарды, Полиция Департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтылануда, қираулар мен құрбандар туралы хабарламалар түскен жоқ.
Департамент жер сілкінісі кезіндегі әрекеттердің тәртібі туралы ескертеді:
- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабаттарда қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз: дүмпулер қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- сымдарға қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.