Оқиғаға байланысты арнайы комсиссия құрылды
Шымкентте қос азаматтың өліміне себепші болған құрылыс нысанының жұмысы тергеу амалдарына байланысты уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы Еңбек инспекциясы хабарлады. Осы оқиғаға байланысты арнайы комсиссия құрылды. Олар бүгінгі күнге дейін жұмысшылардың құқығы неге бұзылып, олардың қараңғы түскенге дейін неліктен жер қазғанын анықтауға тырысып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 8 қараша күні Шымкенттегі Нұрсат-3 шағын ауданында екі құрылысшы қаза тапқан еді. Олар жаңадан салынатын 9 қабатты ғимараттың іргетасын қазып жатқанда үстілеріне топырақ құлап кеткен болатын. Үйінді астынан тек 1993 жылы туған азаматты ғана аман алып шығу мүмкін болды. Ол омыртқасына келген зақымға байланысты уақытша ем қабылдап жатыр. Ал қайтыс болған құрылысшының отбасына жұмыс беруші тарап 1 млн теңге көлімінде өтемақы төлеген. Еңбек инспекторының айтуынша, заң бойынша асыраушысынан айырылған балалар 18 жасқа дейін жұмыс берушіден жәрдемақы алып тұруға құқылы. Төлем мөлшері тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады.