Осы оқиғаға қатысты 37 жастағы күдікті ұсталды
6 қаңтарда Қарағанды қаласының «Алтын арба» сауда үйінің контейнерлерінің бірінен жарқат белгілері бар 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, оны балтамен шауып өлтірген болуы мүмкін.
Осы оқиғаға қатысты 37 жастағы күдікті ұсталды. Ол жанжал кезінде жәбірленушіге дене жарақатын салғанын мойындады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша сегіз жылдан он бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.