Елордалық студент курстасының телефонын ұрлады деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Телефон иесіне қайтарылды

көрнекі фото

Елордалық колледждердің бірінде оқитын студенттің әкесі телефон ұрланғаны туралы арызданған.

Қымбат тұратын гаджет жоғалған кезде оның қызына қонаққа курстасы келіп, түнде қонуға қалған. Ертеңінде курстасы кеткеннен кейін ұялы телефонның жоғалғанын анықтаған. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Аталған қыз ұрлық жасағанын мойындады, телефон иесіне қайтарылды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.