Шымкентте полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған үш күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

көрнекі фото

28 желтоқсанда Шымкент қалалық Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының 3 полиция қызметкеріне күш қолданғандар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды. 

Қазір үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған бап бойынша ұсталған күдіктілерге жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі таңда, Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-мен ҚР ҚПК-нің 128-бабына (Ұстап алу негіздері) сәйкес 3 күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.