Оқиға 24 желтоқсанда болған
Ұландықтар Теміртауда тапаншамен жүрген азаматты ұстады. Оқиға 24 желтоқсанда сағат 18.20-да болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің әскери жасағы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару барысында күдікті ер азаматты байқайды.
Әскери жасақ азаматты тоқтатып, мән-жайды анықтаған кезде ол өзімен травматикалық тапанша алып жүргенін мойындайды. Оқиға орнына тергеу тобы шақырылып, күдікті құзырлы мекеме қызметкерлерінің қолына тапсырылады.