Шанадағы бойжеткенді көлігімен сүйреген атыраулық жауапқа тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жүргізушіге 14 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

29 желтоқсан күні сағат 01:07-де Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Орталық көпір тұсында шананы жалғап сүйреген автокөлікті байқап, жедел түрде патрульдік полиция қызметкерлерін жіберген.

Оқиға орнына барған патрульдік полиция тексеріс кезінде 22 жастағы бойжеткен отырған шананы көлігіне жалғап, ілестіріп жүргізген «Хюндай Туксон» маркалы автокөлігін тоқтатқан. 20 жастағы жүргізушіге қатысты Әкімшілік кодекстің 595-бабы 1-бөлігімен (жол жүрісі қағидасын бұзғаны) әкімшілік хаттама жасақталып, 13890 теңге көлемінде айыппұл салынды.