Ақтөбе облысында ауыл әкімі алаяқтық үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

40 бас жылқыға берілген несие қожалық иесіне жетпеген

Ақтөбе облысында ауыл әкімі алаяқтық үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық іс-әрекетіне қатысты қылмыстық істі аяқтады. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ  Ақтөбедегі филиалы «Құлан» бағдарламасы бойынша шаруашылық қожалығының иесіне 40 бас жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11 840 000 теңгені құрайтын несие бергені және бөлінген несие шаруа қожалығының иесіне жетпегендігі анықталды.

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен, ауылдық округ әкімі, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-б. сәйкес (аса ірі көлемде алаяқтық) жалған құжаттар мен түбіртектерді пайдалану арқылы көрсетілген қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.