5 адам ауруханаға жеткізілді
Оралда тоғызқабатты жатақханадағы өрттен 45 адам эвакуацияланып, 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«27 желтоқсан күні Оралда тоғызқабатты жатақханада аумағы 20 шаршы метрді қамтыған №62 бөлме жанып кетті. Өрт орнынан үш адам құтқарылды. 45 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың 18-і – балалар», - деп жазылған ақпаратта.
Газдан уланды деген күдікпен 9 адам оқиға орнында қаралды. Соның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.