Қызылордада заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктілердің арасында Германия азаматы да бар

көрнекі фото

Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бірнеше қалада заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топты анықтады.

Ресми мәліметке сәйкес, қылмыстық топ Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз және Қызылорда қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Қылмыстық істі тергеу шаралары қысқа уақыттың ішінде атқарылды.

Күдіктілердің арасында Германия азаматы да бар. Барлығы 7 адам жауапқа тартылып отыр. Олардың заңсыз ойын бизнесінен тапқан табысы 800 миллион теңгеден асып түскен.

Қылмыстық іс Қызылорда қаласы №2 сотының басты талқылауында қаралуда.