Рудныйда көпқабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 2 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Ғимараттан 32 адам эвакуацияланды

Фото: ашық дереккөзден

Рудныйдағы Октябрьдің 50 жылдығы көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өрт сөндірушілер келген сәтте екінші қабаттағы екі бөлмелі пәтерден түтін шығып жатты. Сондай-ақ, түтін барлық қабатты қамтитын кіреберісте тез тарады. ТЖД күшімен баспалдақ маршы бойынша 32 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Жанып жатқан пәтердің есігін аспаппен ашуға тура келді», - деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіруге 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды.