Тағы 12 адам ауруханаға жеткізілді
Ақтөбе облысының тасжолында сырғанап кеткен жеңіл көлік жолаушылар автобусына соғылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ақтөбе – Астрахань» республикалық маңызы бар тасжолында «Санионг» маркалы көлік жүргізушісі тасжолдың тайғақ учаскесінде сырғанап кетіп, қарама қарсы келе жатқан «ПАЗ 3254» маркалы автобуспен соқтығысып қалды», - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Санионг» көлік жүргізушісі және автобустың 11 жолаушысы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлік көмек көрсетілді, жолаушылар қаралған соң үйлеріне жіберілді.