Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді
Теміртау қаласында көктайғақ салдарынан екі жеңіл көлік соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан 6 жасар бала мен 66 жастағы ер адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Теміртау қаласында «Форд» автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі көктайғақ салдарынан «Киа» автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Киа» автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі мен оның 6 жастағы жолаушысы алған жарақатынан көз жұмды», - деп жазылған хабарламада.