Жалпы 70 адам эвакуацияланды
Павлодарда көтерме-бөлшек сауда дүкеніндегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Павлодар қаласының «Ласточка» көтерме-бөлшек сауда дүкенінде, бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас бір қабатты ғимаратта өрт шықты. Өрт сөндірушілер келген бойда азық-түлік бөлімінің бутиктері, поликарбонаттан жасалған пластик шатыры жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер баспалдақ маршы бойынша 70 адамды, оның ішінде 17 баланы эвакуациялады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, өрт орнына ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің және Апаттар медицинасы орталығы филиалының күштері мен құралдары 42 адам және 13 бірлік техника шықты.