Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Автобуста 11 адам болған

Фото: баспасөз қызметінен

Қарағанды облысында Балқаш қаласына жақын маңда жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Автобуста 11 жолаушы мен 1 жүргізуші болды. «Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пункті 6 адамды ауруханаға жеткізді», - деп жазылған хабарламада.