Балалардың ата-анасы дүкенде жүрген
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылында үй өртеніп, ауыл әкімі мен тұрғындар 5 баланы аман алып қалды, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«Өрт болған үй әкімшілікке жақын. Таңертең үйден түтін шығып жатқанын көріп, жанымда тұрған жұмысшылармен бірге жедел жеттім. Кірген бойда бесікте жатқан баланы сол күйі алып шығып, өзгелерге ұстаттым. Тағы біреуі диван үстінде отырды. Оны далаға алып шығып, бетін қармен ысқыладық. Сол кезде ғана бала жылап жіберді», - дейді ауыл әкімі Н.Смағұлов.
Балалардың ата-анасы дүкенде жүрген, ал балалары үйде болған.