Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Бородулиха аудандық полиция бөліміне 73 жастағы зейнеткер ақшасының ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінген. Шығын көлемі 800 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бородулиха АПБ қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен зейнеткердің 37 жастағы жұмыссыз көршісін ұстады», - деді Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.
Полицейлер қаражаттың бір бөлігін зейнеткерге қайтарып берді, күдікті ақшаның бір бөлігін жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Күдікті ұрлық жасағанын мойындады.
37 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.